Арыс маңында тағы жарылыс болды: 10 сапер зардап шекті
Арыс маңында тағы жарылыс болды: 10 сапер зардап шекті
195
оқылды

Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі жарылды,– деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.

«21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылды. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 сапер – келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды»,– делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, барлық әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.