Covid пен пневмониядан бір күнде 11 өлім тіркелді

Covid пен пневмониядан бір күнде 11 өлім тіркелді

Аурудың бұл түрінен 5 адамның өлімі тіркелді. Осы күні ПТР тестімен расталған коронавирус ауруынан 6 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Қазақстан үкіметі зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус пневмониясы дерегін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Сол уақыттан бері осы күнге дейін 27 200 адамның коронавирус пневмониясы анықталған, 310 адам қайтыс болған. Ел үкіметі бұл деректі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ұлттық статистикасына қоспай келеді.
Ұлттық статистикаға тек ПТР тестімен расталған науқастар ғана кіреді. Олардың жалпы саны 106 225-ке жетті. Олардың 99 мыңы жазылып шығып, 1618-і қайтыс болған. Бұл жайында Азаттық хабарлады.