Altaynewsтің мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарайтын «Еңбек-Өскемен» РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады.«Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі түрде бірқатар кәсіпкерден шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып, олардан ақшалай қаражат алып отырған. Жалпы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған», делінген хабарламада. 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.