Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа келді.
Нью-Йоркте ол БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысады. Сондай-ақ мемлекет және үкімет басшыларымен, бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.
Қ.Тоқаевтың АҚШ-қа сапар жасайтыны амеркиалық The Hill басылымына берген мақаласында айқын болды. Мақаланың басым бөлігінде Тоқаев Америка капиталын Қазақстан эконмоикасына тарту туралы жазады. Яғни инвестициялар. Өткен жылы оның ауқымы 45 пайызға ұлғайған еді.
Атап өтерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде АҚШ-қа алғаш рет ресми сапар жасайды. «Хабар-24» ақпарына сәйкес мемлекет басшысы ортақ пікірталастарға, тұрақты даму бойынша жоғары деңгейлі Форумға қатысады. Бұдан өзге президент БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттеришпен кездесу өткізеді.