800-ден аса түлек грантқа ие болды
800-ден аса түлек грантқа ие болды
©Сурет интернеттен алынды
248
оқылды
Елорда әкімдігі аз қамтылған отбасы балаларының білім алуына бір жарым есе көп грант бөлді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінді. Резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300-ге жуық, педагогикалық мамандықтарға - 485.
Ақпарат бойынша, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін грант бір жарым есе артты. Гранттар ерекше қажеттілігі бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бөлінді. Түлектер IT-технологиялар, стоматология, жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, инженер, электроника және энергетика, педагог, шет тілі, көлік қызметі және логистика, құқық, туризм және басқа мамандықтар бойынша оқуға түсті.
"Бұл көмек жоғары білім алу үшін айтарлықтай қолдау болады. Сонымен бірге мемлекет жыл сайын мыңдаған грант бөледі. Елбасының "Болашақ" бағдарламасы бойынша студенттер шетелдік білім ала алады. Мектеп түлектерін - қазіргі студенттерді - ересек өміріңіздің сәтті басталуымен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов.