Жапониядағы тайфунның кесірінен 800 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланады

Жапониядағы тайфунның кесірінен 800 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланады

Ауа-райы агенттігі ел тұрғындарын барынша абай болуға үндеп жатыр. Киодо агенттігіне хабарлауынша, «Хайшен» тайфунының Окинаваға және Кагосима префектурасындағы Амами-Осима аралына жақындап қалғаны туралы мәлім етті.

Жексенбінің кешінен бастап дүйсенбі таңына дейін ол Кюсю аралының батыс жағалауынан солтүстікке қарай ығысады. Жергілікті тұрғындарға нөсер жауын, жел екпіні, алып толқындар мен су деңгейінің көтерілуі кезінде ерекше сақтық шараларын қолдану туралы ескерту жасалды.
Өрт және табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі агенттіктің ақпаратынша, Окинава, Кагосима, Кумамото және Нагасаки префектураларында тұрып жатқан 100 мыңнан астам отбасының 200 мың мүшесін эвакуациялау туралы бұйрық шығарылған.
Ал жапон қоғамдық теледидарының хабарлауынша, Жапонияның оңтүстік және оңтүстік-батысындағы 800 мыңнан астам тұрғын жексенбіде жергілікті биліктен тайфунның жақындауына байланысты қауіпсіз жерге шығу туралы нұсқаулық алған. Дүйсенбіден бастап жергілікті пойыз қозғалысының тоқтатылған.
Жексенбі күнгі сағат 13:00-дегі жағдай бойынша, тайфун Якусима аралынан 170 шақырым жерден солтүстік батыс аймаққа cағатына шамамен 30 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Ал желдің жылдамдығы сағатына 234 шақырымды құрады.