Бес әлеуметтік бастама бағдарламасы аясында Қызылорда облысында фокус топ отырысы өтті.
Мемлекеттік органдар халықтың қажеттіліктерін және олардың мәселелерін анықтау бойынша «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Қызылорда облысында фокус топ отырысын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — бес әлеуметтік бастама бағдарламасы аясында қызмет жеткізушілер мен провайдерлерінің субъективті қабылдауын зерттеу, бағдарламаны іске асыруды бағалау, бес әлеуметтік бастама бағдарламаларын іске асырудың негізгі мәселелері бойынша қатысушыларының пікірлерін зерттеу және зерделеу.
Фокус-топтың талқылауы барысында бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, «Шағын несие беруді кеңейту» төртінші бастамасы көтерілді. Осы бастама бойынша мынадай жеңілдіктер қарастыру ұсынылды:
- шағын несие жайлы барлығы білетіндей жағдай жасалса;
- кәсіпкерлердің кәсібіне қолдау болсын деп бастапқы уақытта 1 млн керек болса.
- мал бағу, егіншілік және т.б. кәсіптер үшін 2 жыл көлемінде несиеден босатылса;
- несиені кез-келген кәсіп бастаймын деген адамға алуға қолжетімді етілсе.
Айта кетейік, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік грант иегері атанған болатын.