САЛЫҚ ТУРАЛЫ SMS-ХАБАРЛАМА ЖІБЕРІЛЕ БАСТАДЫ
САЛЫҚ ТУРАЛЫ SMS-ХАБАРЛАМА ЖІБЕРІЛЕ БАСТАДЫ
379
оқылды

Қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS-хабарлама жіберіле бастады. Салықты 1 қазанға дейін төлеуіңіз қажет. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасына:

- 2018 жылға есептелген салықтары;

- 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған.

SMS-хабарлама тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылдған.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға осындай хабарламалар «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы да жіберіледі.

Сонымен бірге, салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге жататын салықтар сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламалар ел азаматтарына коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы да жіберілді. Хабарламалар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.

Жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолданып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтерді пайдаланады.

Анықтама үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне жүгіне алады. Қоңырау шалу тегін.