Д дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтыру қаупін арттырады
Д дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтыру қаупін арттырады
199
оқылды
Чикаго университетінің ғалымдары Д дәруменінің жетіспеушілігі мен COVID-19 арасындағы байланысты анықтады, - деп жазады 24.kz. Зерттеуге 489 ерікті қатысты. Олардың кейбірі Д дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шеккен. Ғалымдар, осылайша, аталған дәрумен жетіспейтін адамдарда COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары екенін анықтады. Адам ағзасында Д дәрумені күн сәулесінің әсерінен синтезделеді. Оның қызметі басқа пайдалы элементтердің қалыпты сіңуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ бұл дәрумен астың дұрыс қорытылуына жауап береді.