БҚО тұрғыны Жайыққа төгіліп жатқан кәріз суын видеоға түсіріп алған
БҚО тұрғыны Жайыққа төгіліп жатқан кәріз суын видеоға түсіріп алған
© Сурет ғаламтордан
457
оқылды

БҚО тұрғыны Жайыққа төгіліп жатқан кәріз суын видеоға түсіріп алған. Бұл бейне әлеуметтік желілерде жарияланып, қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының басым бөлігі мұны экологиялық апатқа әкелуі мүмкін екенін айтып, Жайықтың суы тартылып кетеді деп қорқуда. Сондай-ақ, көпшілік өзенге лас судың қайдан ағып жатқанын анықтау керек деп есептейді. Кейінірек Теректі ауданы Подстепное ауылы маңындағы көпір астында өзенге кәріз суын төгіп жүрген "Батыс су арнасы"ЖШС екені анықталды.

"Батыс су арнасы" ЖШС директоры Қайырғали Имашев сүзгілерді жуған суды төгуге барлық қажетті рұқсаттар бар деп сендірді. - Біз суды Жайықтан аламыз. Оны сүзгіден өткізіп, ауыз су жасаймыз. Содан кейін бұл сүзгілерді жуып, балшық пен құм араласқан суды төгеміз, - деп жауап берді Қайырғали Имашев. БҚО бойынша экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының басшысы Нұрлы Исмаилова бейнероликте көрсетілген орыннан 7 қыркүйек күні таңғы 6-да сынамалар алынғанын атап өтті. - Сынама алу кезінде бөтен иістер болған жоқ. Зерттеу нәтижелері 3-5 күннен кейін дайын болады, - деп түсіндірді Нұрлы Исмаилова. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні әлеуметтік желілерде Теректі ауданы Подстепное ауылына барар жолдағы көпір астындағы Жайық өзеніне лас су ағып жатқаны туралы видеороликтер мен фотосуреттер тарап кетті. Faceebook парақшасында пайдаланушы Қадиша Мұқанова екі видео жариялады. Олардың бірінде жергілікті тұрғындар су құрамын талдау үшін сынама алуда. Екіншісінде бейненің авторы хлордың иісі қолқаны қабатынын айтады.