Леброн Джеймс және GGG: әкімдік бас редактордың ұсынысын қолдады
Леброн Джеймс және GGG: әкімдік бас редактордың ұсынысын қолдады
303
оқылды
Биыл Нұр-Сұлтандағы көпірлердің астындағы бос орынға асфальт төселіп, инфрақұрылымы жақсарып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңқайларын салу қолға алынған болатын. Бұл бастама аясында алдымен "Арқар" көпірінің астында баскетбол ойын алаңы салынып, жанына  аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант бейнеленді. Осы орайда "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев қала әкіміне спорт алаңқайының жанындағы бос орындарды да аббаттандырып, жастарды қызықтыру мақсатында басқа да белгілі спортшылардың бейнесін салуға ұсыныс жасаған еді.    width=   Елорда әкімдігі бас редактордың ұсынысын қолдады. Жақында "Арқар" көпірінің астындағы бос жерге Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның, ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірдің астына даңқты баскетболшылар  Леброн Джеймс пен Әлжан Жармұхамедов, теннисші Зарина Диас сынды спортшылардың суреті салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады.