Әлем коронавирус жағдайынан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс мәлімдеді.
"Бұл соңғы пандемия емес. Тарихтан сабақ алатын болсақ, індет пен пандемия өмірдің бір бөлігі екенінтүсінеміз. Бірақ келесі пандемия келгенде, барлық мемлекеттер оған қазіргі коронавирустық пандемияға қарағанда әлдеқайда дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.
Ол қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті. "Бұл аурудың алдын алуға, анықтауға және онымен күресуге бағытталған Халыққа қызмет көрсетуге инвестиция салу керектігін білдіреді", - деді Гебрейюс.
ДДҰ бас директорының айтуынша, әлем қазіргі пандемиядан сабақ алуы керек. Аурудың таралуы бәсеңдеген көптеген елдер бұрын SARS, Таяу шығыс респираторлық синдромы, қызылша, полиомиелит, Эбола, тұмау және басқа да аурулармен күрескен. Сол кездегі тәжірибе індетті дер кезінде ауыздықтауға мүмкіндік берді.
ДДҰ басшысының баяндамасын ұйымның YouTube арнасынан тамашалауға болады.
Бұған дейін АҚШ-тың бас инфекционисті Энтони Фауки мен эпидемиолог Дэвид Моренс "адамзат пандемия дәуіріне" кіргенін, жер жаһанды жайлаған коронавирус алдағы індеттердің алғашқысы болуы мүмкін айтқан еді.
Сарапшылар алдағы жылдары пандемия қарқыны жеделдейді деген болжам айтады. Моренс пен Фаучидің пікірінше, адамдар індеттерді өмір салтын өзгерту арқылы ғана жеңе алады.