Жалақысыз келген жаттықтырушы
Жалақысыз келген жаттықтырушы
335
оқылды
Осы мәселе бойынша клуб өкілдері «Nur Otan» партиясы об­лыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа өтініш білдірді. Олар балалар спорт орталығының жаттықтыру­шы­ларына осы көктемнен бері жалақы төлеу тоқтатылғанын, 22 қызмет­кердің бірнеше ай ақ­шасыз жұмыс істегенін айтқан болатын. 28 тамызда облыстық филиал төрағасының тапсырмасы бойынша орталық қызметкерлерінің берешек мәселесі бойынша партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс қорытындысында комиссия Павлодар облысының туризм және спортты дамыту бөлі­міне қарызды төлеуді тапсырды. Сонымен қатар жаңадан «Жұлдыз» футбол орталығын ашу жұмыстарын жүргізу және сол жерге «Ертіс» фут­бол орталығының жаттық­тыру­шы­ларын жұмысқа қабылдау ұсы­нылды. fydbol – Партиялық бақылау комис­сиясының отырысынан кейін уәде етілген күні біздің жалақымыз тө­ленді. Мен жаттықтырушыларға көңіл бөлгені үшін облыстық фи­лиалдың төрағасы мен «Nur Otan» партиясына ризашылығымды біл­діремін, – деді балалар спорт ор­талығының жаттықтырушысы Алексей Сорокин. Қазіргі уақытта жаттық­тыру­шылардың көпшілігі жаңа футбол орталығында жұмыс істеуге көшті, келісімшарттар жасалды. Келесі аптада алғашқы жаттығулар баста­лады деп жоспарланып отыр.  

А.ЖАСАНҰЛЫ