Өмірінің соңғы сәттерін видеоға түсіріп алған
Өмірінің соңғы сәттерін видеоға түсіріп алған
© Сурет ғаламтордан
296
оқылды
Алтайдағы Катунь өзенінен жүзіп өтпек болған Новосибирскіден келген турист қайтыс болды. Қайтыс болғанға дейін әйел өзінің Instagram-да өзенді жүзіп өту ниеті туралы видео жазып, жариялады, деп хабарлайды Вести.Ru. "Міне, мен суға кіріп, ақырын ғана жүзе берем. Сосын мені екі күннен кейін анау тастардың маңында жағаға шығарып тастайды", - деп әзілдеді ойында ештеңе жоқ турист. Оның денесі табылмағанын қоспағанда сөздері айна-қатесіз дәл келді деуге болады
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Заплыв

Публикация от ryzhaja_ta (@ryzhaja_ta)

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте Элекмонар ауылының маңында болған. 43 жастағы Татьяна өзен суына шомылмақ болады. Таныстарының 16 жасар қызына телефонды беріп естелік видео жазғанымен, оны көре алмай кетті. Тау өзені жүзгішке бой бермей, ағызып әкетті. Қыз көмек іздеп бірден ең жақын туристік базаға жүгірген. Құтқарушылар моторлы қайықпен оқиға орнына жедел келіп, өзен түбін шарлады. Бірақ жоғалған әйел сол күйі табылмады. ТЖМ - де Республика қонақтарына Катунь бастауын мұздықтардан алатын, суының температурасы тіпті ыстықта да 15 градустан жоғары көтерілмейтінін еске салды.
"Мұндай температурада адамның мүшелері тартылып қалуының қаупі жоғары, түбі жартасты, ағыны өте күшті. Мұндай күшті ағынды жеңу мүмкін емес. Алтай тұрғындары Катунге шомылмайды!",- деп атап өтті ведомствода.