Елбасы лаңкестіктің жалпыға ортақ анықтамасын жасауды ұсынды
Елбасы лаңкестіктің жалпыға ортақ анықтамасын жасауды ұсынды
240
оқылды

Еуразия парламенті спикерлерінің төртінші отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қоғамдастыққа ерекше мән беруі қажет факторларды атады.

«Парламентаралық қауымдастықта қатарларды топтастырып, заңнамалық бағыт бойынша бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру керек», - деген Елбасы басым назарды құқықтық актілерге аудару қажеттігін алға тартты. «Сондай-ақ лаңкестіктің жалпыға ортақ анықтамасын жасақтап, лаңкестік, экстремистік ұйымдар, бірлескен қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін құру маңызды», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы әлемдік экономиканың жаңа цифрлық дәуірге, жасанды интеллект дәуіріне өтуінде заңнамалық базаны әзірлеу бойынша жұмысты жедел жүргізу қажет деп санайды.