Сейсенбі, 8 қыркүйек күні Алматы облысының Талғар ауданында 15 жастағы ержүрек курсант медальмен марапатталды.
Бейсен Мирас ағыны қатты өзенге батып бара жатқан адамды аман алып қалғаны үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Суға батқан адамды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі «Арыстан» мамандандырылған лицейінде өтті.
Медальді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов табыс етті.
«Естеріңізге сала кетейік, биыл Мирас пен оның достары Талғар қаласының орталығындағы көпірден ағысы қатты өзенге секіріп кеткен ер адамды байқап қалған. 15 жастағы жасөспірім өзеннің ағыс бойымен төмен жаққа жүгіріп, қатты ағыстан қорықпастан, суға батқан адамды құтқарып қалды», - деді Ораз Жолдасов.
Жәбірленушінің оң аяғы сынған, миы шайқалып және басқа да зақымдар алған. Бірақ Мирастың ерлікке парапар әрекетінің арқасында тірі қалды.
«Қарапайым ғана, адамгершілігі жоғары жасөспірім өз қылығын азаматтық борышым деп санайды. Ол өз өміріне қауіп төніп тұрса да, тәуекелге барып, өзгенің өмірін құтқарып қалды. Халықтың мұндай ұлдарын тек мақтан тұтуы тиіс. Мирастың ата-анасы мен оқытушылар құрамына жақсы әрі патриоттық тәрбие бергені және қажет жағдайда бағамды шешім қабылдауға үйреткендері үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті департамент бастығының орынбасары.