Н.Назарбаев: Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым
Н.Назарбаев: Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым
234
оқылды

ҚР Тұңғыш Президенті Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Мун Хи Санмен кездесті. Н.Назарбаев мәртебелі мейманға Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді,– деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

– Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Бізде экономикалық ынтымақтастықтың үлкен бағдарламасы бар. Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы алтын көпір. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз,– деді Н.Назарбаев.


Сондай-ақ, Елбасы Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы диалог орнату үдерісіне қолдау білдірді. Өз кезегінде Мун Хи Сан Еуразия елдері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

– Әлем халқының 75 пайызы Еуразия құрлығында тұрады. Әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызы Еуразияға тиесілі. Өздеріңіз білетіндей, Еуразияның ең шығыс шеті – ол Корея Республикасы. Қазақстан осы континенттің қақ ортасында. Біздің алғашқы отырысқа 19 мемлекет, екіншісіне - 27, үшінші - 39 мемлекет қатысты. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік – Сіздің еңбегіңіз,– деді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері.