Зейнетақы жинағын халыққа берсе, баспана қымбаттауы мүмкін
Зейнетақы жинағын халыққа берсе, баспана қымбаттауы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
5,176
оқылды
Осыдан кейін сарапшылар Қазақстанда тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін екенін айтып отыр. Егер Қазақстан азаматтары зейнетақы қорындағы қаражатын баспана, жер сатып алуға жұмсаса, нарықта тұрғын үй  бағасы 30% қымбаттауы мүмкін. Еуразия бірінші арнасында баспана мәселесін талқылаған сарапшылар зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алғандардың 80%-і баспана проблемасын шешуге тырысады.
Экономист Арман Байғановтың пікірінше, «Егер пәтер бойынша бір келісім орташа есеппен 14 миллион теңге (33 мың доллардан астам) болса, онда 1,4 триллион теңгеге (3,3 миллиард доллар) 100 мыңға жуық пәтер алуға болады. Жылжымайтын мүлік құнының күрт өсуіне әсер етуі ықтимал, ол шамамен 20-30% болуы мүмкін», – дейді.
Сарапшылар жылжымайтын мүлік бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырауда өседі деген болжам бар. Біз бұған дейін Зейнетақы қорындағы қаржыны мерзімінен бұрын шешіп алған қазақстандықтар 10% мөлшерінде салық төлейтінін жазған болатынбыз.