Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласында болса, ең төмені – Семейде.
Finpromның жазуынша, биыл шілдеде барлық жағдайы бар үйдің жалға алу бағасы 1 шаршы метрі – 1600 теңге. Былтырмен салыстырғанда 9,5 процентке көп.
Баспананы жалға алу құны маусымнан бері 0,4 процентке өсті.
Қазақстанда жайлы үйді жалға алудың ең жоғары бағасы да – Нұр-Сұлтанда. Бір шаршы метрі – 3 100 теңге. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда 10,3 пайызға көп. Бағасы ең жоғары ірі қалалардың қатарында Алматы, Ақтау қалалары кіреді.
Одан кейінгі орындарда – Павлодар (жылына 37,9 процентке, 1,7 мың теңгеге дейін), Талдықорған (36,9 процентке, 1,7 мың теңгеге дейін), Тараз (15,4 процентке, 1,2 мың теңгеге дейін).
Ең төменгі баға – Семей қаласында 1 шаршы метрі 1200 теңге.
Қазақстанда жалға алу, сату, сатып алу бойынша ең қымбат баспана да астанада екені анықталды.