Атырау полицейлері 84 жастағы әжені тонаған жігітті ұстады
Атырау полицейлері 84 жастағы әжені тонаған жігітті ұстады
Фото ашық дереккөзден алынды
5,293
оқылды
Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері 80-нен асқан әжені үйіне келіп тонап кеткен күдіктіні ұстады. Тоналған әже Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 31 тамыз күні сағат 22:50 шамасында болған. Үйдің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз ер адам заңсыз үйге кірген. Бұл уақытта үйде қарт әжеден басқа тірі жан болмаған. – Қылмыскер оң қолымен әжемнің аузын жауып, сол қолымен құлағынан алтын сырғаларды алып кеткен. Әжем бұл оқиғадан осы күнге дейін есін жияр емес, шошып кетті. Оқиға туралы дереу полицияға хабарластық, – дейді жәбірленушінің немересі. Жедел іздестіру шаралары барысында аудан полицейлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, тапты. Тергеп-тексеру ҚР ҚК 191-бабының 3 бөлігі «Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау» бойынша жүргізілуде. Жәбірленуші әжей тонаушыны ұстаған тәртіп сақшыларына алғысын айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі. https://youtu.be/WfBZmtpdROc