"Қазақстанда зейнеткерлік жасын өзгертеді": Министрлік түсініктеме берді
"Қазақстанда зейнеткерлік жасын өзгертеді": Министрлік түсініктеме берді
© сурет интернеттен алынды
248
оқылды
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде елімізде зейнеткерлік жасын өзгертеді деген ақпарат тарады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл апараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта ерлер үшін зейнеткерлік жас 63, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жас.
«Бұл ақпарат жалған. Ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады»,-делінген хабарламада.