БҰҰ: Әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін
БҰҰ: Әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін
© сурет интернеттен алынды
255
оқылды
БҰҰ мәліметінше, әлемде жаңа пандемия пайда болады, деп хабарлайды Bloomberg. БҰҰ болжамы бойынша жыл соңына қарай 130 миллионнан астам адам ашығады. Алайда дамыған елдерде семіздікке шалдыққандар әлдеқайда көп. Коронавирус салдарынан бүкіл әлемдегі халық табысынан қағылды. Сондықтан олар зиянды өнімдерді, атап айтқанда, фаст-фудты таңдап, тамақ үнемдеуге мәжбүр болды. Қазірдің өзінде артық салмағы бар адамдар аштықтан зардап шеккендерге қарағанда еселеп артқан. Әсіресе дамыған елдерде семіздікке шалдыққандар қатары артқан. Қазір британдықтардың үштен екісі артық салмақ немесе семіздіктен зардап шегеді. Сондықтан елдегі әрбір жетінші өлім дұрыс емес тамақтанудан болып отыр. Сондықтан медицинаға жұмсалатын шығындар үнемі өсіп келеді. Семіз адамдар қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық ауруларға бейім келеді. БҰҰ-ның болжамынша, бүкіл әлем бойынша 3 млрд адам дұрыс тамақтана алмайды. Бұл артық салмақтың пайда болуына итермелейді. Аталған проблема өз кезегінде жаңа пандемияға ұқсас. Егер шаралар қолданылмаса, әлемде келесі онжылдықта артық салмақ пен оның залалынан туған ауруларға жұмсалатын шығын жылына 1,3 трлн долларға өседі.