Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды, деп хабарлады Ақорда. Жарлықтың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі: