Күйеуі екі баласымен далаға қуып шыққан жас ананың пәтерақысын полицей төлеп берді
Күйеуі екі баласымен далаға қуып шыққан жас ананың пәтерақысын полицей төлеп берді
Фото: Интернеттен алынды
259
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция қызметкері емізулі сәбиі бар әйелдің пәтерақысын төлеп берді. Жас ана үйдегі жанжалдан кейін күйеуі балаларымен қосып далаға қуып шыққанын айтқан. Үлкен қызы 4 жаста, ал екінші сәбиі небәрі 4 айлық. Амалы таусылған әйел учаскелік инспектордан көмек сұраған. Өйткені қалада ешқандай туысы, танысы болмаған. Талғат Исатаев өз қаражатына жас ананы балаларымен бірге қонақ үй бөлмесіне орналастырды. Осыдан кейін Талғат Исатаев жас ананың күйеуімен сөйлеседі. Учаскелік инспектордың талабымен 32 жастағы ер адам алкогольден емделіп, жұмысқа орналасты. Қазір отбасы бірге тұрып жатыр және полицейге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып отыр. Kazakh_inform-ның жазуынша, Талғат Исатаев Сарыарқа аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі  №27 пунктінің бөлімшелік полиция қызметкері.