Грекияның Лесбос аралындағы Мориа мигранттары мен босқындарының лагері өртенді, – деп хабарлайды BBC. Қызыл жалынмен 25 өрт сөндіруші мен он машина күресті. Мигранттар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
https://www.youtube.com/watch?v=4vB-WHo1-uM&feature=emb_logo&ab_channel=Ruptly
Репортерлердің хабарлауынша, лагерді коронавирусқа байланысты карантиндік шараларға наразылық білдірген босқындар өртеуі мүмкін.
Сондай-ақ, полиция мигранттар жақын маңдағы қалаларға жетпеуі үшін лагерьден шығатын жолдарды қоршап алды.
Мореа лагерінде 13 мыңға жуық адам бас сауғалаған болатын.