Жаңа толқынға берілген мүмкіндік
Жаңа толқынға берілген мүмкіндік
225
оқылды

Ел Президентінің жастар кадр резервін қалып­тастыру туралы бастамасы – елдің сындарлы да­муы­­на оң үлес қосатын, заманауи, тың ой. Ел­дің бола­шағын қамтамасыз ету адам ресурсы­мен ты­ғыз байланысты деп қарастырар болсақ, ота­ны­мыз­ға қызмет етуді көздейтін жаңа, жас буын аза­мат­тарды сұрыптап, оларды бағдарлы түрде да­йын­­дау, мемлекеттік қызметті жаңа биік­ке кө­те­­­­ретіні сөзсіз.

Ел болашағын қамтамасыз ететін негізгі ресурс – ұлт­жан­ды, отансүйгіш, бас­қа­ру­шы­лар­дың жаңа буыны. Бұл ресурс­ты тәрбиелеу, өсіру, тиіс­ті біліктілікпен қамтама­сыз ету, тәжірибе жинауына ық­пал ету – даналықтың бел­гісі. Мұндай бастамалардың аналогы сонау Шыңғыс хан империясынан бүгінгі күнге дейін елдердің тұрақты, ұзақ­мерзімді дамуы­ның берік негі­зіне айналып отыр. Шың­ғыс хан мемлекетті білікті шенеу­нік­тер­мен қамтамасыз ету мақсатында, Қытай елінен ғалымдар алдырып, дарынды жастарды оқытып, тәжірибе жинатса, Осман император­лары мемлекеттік білім беру саласында басқару мектептерін ашқызғаны белгілі. Бұл мем­ле­кет тұрақтылығы мен баян­ды­лығын қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні мемлекеттік қыз­­мет алдында тұрған мін­дет­тер де, мақсаттар да күр­де­лен­ді. Мемлекеттік қызметтің не­гізгі қағидасы меритократия бол­са, кадрлық резерв осы қағи­даны жүзеге асырудың не­­гізгі тетіктерінің біріне ай­нал­мақ. Дарынды жастар ара­сы­нан өзінің мемлекетшіл тү­­сінігі мен біліктілігін көрсете ала­тын жаңа толқынға мүмкін­дік тудыру – баяндылық кепілі.

Ендігі мақсат – кадрлық резервті қалыптастырудағы ай­қындылық пен адалдық қағи­­даларын іс жүзінде жүзеге асы­ру. Сындарлы бастаманың жүзеге асырылуын қадағалау елге, ал бұл бастаманы қолдап, өз біліктілігін сынау жастарға сын болмақ. Ел Президентінің көтеріп отырған бастамасының табыс­тылығының негізгі көрі­нісі осы болмақ. Заманауи Қа­зақ­станды әлем мойындаған қуат­ты да, айбынды елге ай­нал­­дыру – осы резервтің ал­дын­да тұрған міндет. Бұл мін­дет­ті сүрінбей жүзеге асыру үшін кадрлық резервті қалып­тас­ты­руды қолдап қана қой­май, бұл идеяның оңтайлы, орнықты жүзеге асырылуы үшін белсене атсалысу – әрбір азаматтың парызы.

 

Шыңғыс ЕРГӨБЕК,
заң ғылымдарының кандидаты