"Ядролық қарумен сес көрсетеді": Ердоған неге шүйлікті?
"Ядролық қарумен сес көрсетеді": Ердоған неге шүйлікті?
5,132
оқылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктегі БҰҰ-ның 74 сессиясында сөйлеген сөзінде ядролық қарудың қысым көрсету құралы ретінде қолданылуына қарсылық танытып, оны әділетсіздік деп атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Бүгінде алдымызда әділетсіздік мәселесі тұр... Кімде ядролық қару бар сол ядролық қаруы жоққа қысым жасап, сес көрсетеді. Оны (ядролық қаруды-ред) қолдануға не бәріне бірдей тыйым салу керек, не бәріне бірдей рұқсат ету керек», - деді Ердоған.

Ол сондай-ақ БҰҰ Қорғаныс Кеңесіне реформа жасау қажет деген пікірде.

Атап өтерлігі, Түркия ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге 1980 жылы қол қойған еді. Ал 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қол қойды.