Алматыда праймериз қатысушыларының пікірсайысына жеребе тарту рәсімі өтті
Алматыда праймериз қатысушыларының пікірсайысына жеребе тарту рәсімі өтті
300
оқылды
Бүгін кандидаттар алдағы дебаттарға қатысу үшін өздерінің реттік нөмірлерін тікелей эфирде білді, - деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, көпшілік пікірсайысқа қатысушылардың жеребесі лото қағидаты бойынша онлайн режимде өткізіледі. Жеребе тарту рәсімін кино мен театрдың танымал актерлері Азамат Сатыбалды мен Гүлбахрам Байбосынова өткізді.
«Тікелей эфирде жүргізушілер ашық барабаннан кездейсоқ нөмірлерді алып шығарды, осы уақытта үлкен экранда кандидаттардың деректері алфавиттік ретпен көрсетілді. Осылайша, әрбір қатысушы тікелей эфирде «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық және аудандық филиалдарының ресми аккаунттарында дебатқа қатысу нөмірін, уақыты мен күнін көре алды. Бұл шаралар карантиндік шараларды қатаң сақтау қажеттілігінен, сондай-ақ жеребе тастау рәсімінің максималды ашықтығын арттыру мақсатында туындады», - деді Канкуров.
Жария пікірсайыс 14- қыркүйектен басталып, 30- қыркүйекте аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 225 қатысушының ішінен праймеризге әйелдердің 35% - ы, 35 жасқа дейінгі жастардың 32% - ы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көп балалы аналар, еріктілер және басқалар тіркелген. Үгіт жұмыстары 7 қыркүйекте басталды және бүгінгі күні кандидаттар ZOOM арқылы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен онлайн-кездесулер, карантиндік нормаларды қатаң сақтай отырып, ашық алаңдарда және желдетілетін үй-жайларда офлайн кездесулер арқылы 300-ден астам іс-шара өткізді.