Дағыстанда қалыңдық той күні қатты қобалжу салдарынан қайтыс болды, деп хабарлады Mash Telegram-арнасы. Мургук ауылынан шыққан Зареме небәрі 23 жаста болған. Әжесінің қолында өскен қыз бала кезінен жүрегінің ауыратынына шағымданған көрінеді. Өмірінің ең маңызды күні Зареме өзін жайсыз сезінген. Той алдында қалыңдық қобалжып, есінен танып қалған. Туыстары қызға дәрі бергенімен, жағдайы нашарлап кетті. Қыздың қан қысымы түсіп, ауруханада инсульт алғаны белгілі болды. Болашақ күйеуі оны ауруханадан алып кетуге келе жатқанда қалыңдық қайтыс болды.