Қыз алып қашпақ болғандар 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Қыз алып қашпақ болғандар 7 жылға бас бостандығынан айырылды
255
оқылды

Қордай аудандық сотының шешімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз алып қашқандары үшін жеті жыл бас бостандығынан айырылды. Ал автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекетке кіріс ретінде берілді.

2018 жылдың күзінде жігіт Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын қызбен танысады. Әлеуметтік желі арқылы үздіксіз хабар алмасып тұрған соң жігіт қызды алып қашпақ болады. Үйленбек ниеті болған жігіт үш танысын ертіп Қордай ауданынан келеді. Келгеннен кейін бойжеткенге хабарласып, кездесуге шығуын өтінеді. Бірақ қыз бас тартады.

Жас жігіттер қызды үйінің сыртынан торуылдап жүріп, оны сыртта күтіп алады. Бойжеткеннің қарсылығына қарамай оны күштеп көлікке салып, Түркістан облысына бағыт алады. Алайда қаладан шығып бар жатқан тұста полиция қызметкерлері тоқтатып, тұтқындалады.