Аргентиналық отбасына бір жыл бұрын жоғалған атасының бас сүйегі поштамен келген
Аргентиналық отбасына бір жыл бұрын жоғалған атасының бас сүйегі поштамен келген
© Сурет ғаламтордан
272
оқылды
Жетпістен асқан Луис Соса өткен жылдың 10 қаңтарында үйден шығып кетіп, оралмаған. Жақында оның отбасы пошта арқылы қарияның басын алды. Сүйекті  майонез қорабына салып жіберген, – деп хабарлайды Daily Star. Пошта арқылы майонез қорабына салынған жоғалған атасының басын алған отбасы бұл қорқынышты сәлемдемені полиция жібергенін айтады. Вероника Сосаның (Veronica Sosa) айтуынша, полиция қоқыс тастайтын жерден атасы Луистің бас сүйегін тауып, оны марқұмның туыстарына пошта арқылы жіберген. Алдымен полиция бұл бас сүйек Аргентинаның орталық бөлігіндегі Рио-Негро провинциясындағы Хенерал-Рокада жоғалған 40 жастағы әйелге тиесілі деп ойлаған. Бірақ сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бұл ер адамның бас сүйегі екенін көрсетеді.  Кейінірек ол 70-тен асқан, өткен жылдың 10 қаңтарында жоғалып кеткен Луис Сосаға (Luis Sosa) тиесілі екендігі анықталды. Оның туыстарына тергеу аяқталғанға дейін Луис Сосаның қалдықтарын ала алмайтындықтарын түсіндірді. Вероника Сосаның айтуынша, полиция тек бас сүйегін таба алған. Қылмыс фактісі айдан анық болғанмен прокуратура марқұмның отбасы мүшелеріне тергеу туралы ешқандай мәлімет бермеген. Оның орнына, отбасы кенеттен Hellman ' s майонезінің қораына салынған атасының бас сүйегін алады. Вероника олардың атасын жерлей алмай жүргенін айтады. Өйткені билік әлі күнге дейін оларға қарияның қайтыс болғаны туралы куәлік бермеген. "Бұдан асқан қорлық бар ма?- деп жазды Вероника Соса майонез қорабының фотосуретінің астында.
"Біз сізді бір жыл сегіз ай күттік, іздедік, олар сізді адам сияқты алып келе де алмады! Міне, былай, м айонез қорабына салып сәлемдеме сияқты жіберді!"
Оның айтуынша, ол атасы мен қораптың суреттерін бір себеппен: "Халық біздің құқықтық жүйемізді қандай бастықтар басқаратынын көруі үшін" жариялаған.
"Олар үшін біз тек сандар ғана, ал үнсіз қала алмайтындарға Олар кедергі ретінде қарайды. Сендерге жақсырақ жұмыс істеу керек, аудандық прокурор мырзалар. Өйткені мен Дон Сосамен, атама не болғанын білмейінше тынышталмаймын. Мен оны анықтаған кезде, сендер еш жерде жасырына алмайсыңдар. Біреуге Луис Сосаның жоғалып кеткені керек болды. Луис Соса қоқыс полигонында өлгісі келген жоқ. Луис Соса тек қана бас сүйек емес. Луис Сосаға біреу қастандық жасады" – деп ашынды ол.