Алматыда балаларға арналған орталықтар ашылды
Алматыда балаларға арналған орталықтар ашылды
566
оқылды
Солардың бірі балаларға дом­быра үйрететін – «Домбыра орталығы». Ол жерде мектеп оқу­шылары жыл бойы қазақтың ұлттық аспабында ойнауды тегін үйренеді. Сондай-ақ партия мүшелерінің демеушілігімен қалада «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» атты жаңа спорт орта­лығы жұмысын бастады. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, жаңа спорт орталығы жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік сыйлайды. – Спортзалдардың сыйым­ды­лығы 500-600 балаға дейін жетеді. Орталық қажетті спорт­тық құралдармен жабдықталған, ал балалардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы арнайы бақылау бар. Сондай-ақ сол шағынауданда тұратын 12 жаттықтырушы орта­лықта жұмыс істеу үшін шақы­рылды, бұл қаладағы жұмыссыз­дықтың төмендеуіне оң әсерін тигізеді, – дейді С.Канкуров. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы аясын­да партияның Алматы қалалық фи­лиалы Көкжиек ықшамау­да­нындағы алаңды жөндеу бо­йын­ша жұмыстарды аяқтады. Партия мүшелері шамдарды, орын­­дықтар мен қоқыс жәшік­терін, балаларға арналған футбол алаңын және балалар ойын алаңын орнатуға демеушілік жасады. ortalik «Бюджетке қатысу» жобасын іске асыру үшін олар 20 күн ішінде балалар ойын кешені, вор­каут және жаттығу алаңын салып, велосипедшілерге бөлек жол салып, Көкмайса ықша­мау­данының алаңын жөндеу бойын­ша жұмыстар жүргізді.  

Абылайхан ЖҰМАШ