«Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметі хабарлағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде жолаушылар пойыздарының қозғалысының қолданыстағы кестесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады: 1) №67/68 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызы 4 күнде 1 реттен күн аралыққа жүру жиілігі 15 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан қысқарса, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 16 қыркүйектен бастап қысқарады, ал Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 17 қыркүйектен бастап жүру жиілігі күн аралыққа қысқарады; 2) №4/3 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 13 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша жөнелтілсе, Алматыдан келу/жөнелтілуі 14 қыркүйектен бастап жұп сан бойынша, Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 15 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша ұзартылады; 3) №25/26 «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз қайта жанданып, Алматыдан 14 қыркүйектен жұп сан бойынша жөнелтілсе, Шымкенттен келуі/жөнелтілуі 15 қыркүйектен тақ сан бойынша, Алматыға 16 қыркүйектен жұп сан бойынша келеді; 4) Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады: – №656/655 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Айсары» Нұр-Сұлтан Нұрлы жол мен Айсарадан 2 қазаннан бастап жөнелтіледі; – №353-903-108/107-902-354 пойыздар құрамындағы қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №26/27 «Павлодар-Жезқазған», Павлодардан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Жезқазғаннан 4 қазаннан бастап жөнелтілетін болады; – №339-56/55-902-354 пойыздар құрамында қатынайтын жлолда тоқтамайтын реттік вагон №25 «Павлодар-Қызылорда», Павлодардан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Қызылордадан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі; – №22-6941/6942-21 пойыздар құрамдарында қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №30/32 «Алматы-1-Достық», Алматыдан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Достықтан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі; – №86/85 пойыздың құрамындағы №25/26 «Қарағанды-Сарыағаш» тіркемелі реттік вагондар, Қарағандыдан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Сарыағаштан 2 маусымнан бастап жөнелтілді; – №673-86/85-674 пойыздарының құрамындағы №21/22 «Павлодар-Сарыағаш» тіркелмелі реттік вагондар, 1 қазаннан бастап Павлодардан жөнелтілсе, 3 қазаннан бастап Сарыағаштан жөнелтіледі. Осы пойыздарға билет алып қойғандар қайта өткізе алады. Ауыстыруына да болады. Билетті өткізген жағдайда билеттің толық құны қайтарылады.