Топтағы төрт құраманың ұпайы тең
Топтағы төрт құраманың ұпайы тең
282
оқылды
Бір қызығы, топтағы төрт құраманың да ұпайлары бір­дей. Яғни, әрқайсысы 3 ұпайды теңдей бөліп алды. Әзірге, гол айырмашылығымен Қазақ­стан ұлттық құрамасы көш ба­сында тұр. Топтың басты фавориті саналған Ал­бания бірінші кездесуінде Беларусь құрамасынан басым түскенімен, өз алаңында өткен ойында Литва құ­рамасынан жеңіліп қалды. Бұл біздің құрама үшін қуанышты жаңалық болды. Вильнюста өткен ойында Литва қақпасына қос гол соғып желпінген футболшыларымыз, Алматыда Беларусь құрамасына 1-2 есебімен есе жіберді. Ат­ал­ған кездесуде Қазақстан құ­рамасының бас бапкері Михал Билек әу баста өз алаңымызда жеңілмеуді ойлады. Сондықтан алаң иелері қорғана жүріп, қа­рымта шабуылға иек артты. Бірінші кезеңде екі құрама бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ал екінші таймда қонақтар шабуылын үдетті. Нәтижесінде белорустық қор­ғаушы Максим Бордачев гол соғып, құрамасын есепте алға шығарды. Бұдан әрі қа­зақстандықтар таразы ба­сын теңестіруге ұмтылды. Ойын­ның 62-ші минутында Ян Во­роговскийдің соққысын сәтсіз қайтарған қақпашының қателігін Абат Айымбетов өз пайдасына жаратып,ұлттық құрама сапын­дағы алғашқы го­лын соқты. Ойынның соңғы минуттарын­да қорғаушымыз Гафур­жанның ауттан берген қате па­сына қорғау­шыларымыздан бұ­рын жеткен жас шабуылшы Виталий Лисакович өз құрама­сына ауадай қажет болған үш ұпайды сыйлады. Енді қалған ойындарда топ­тағы төрт құрама да турнирлік кестеде жоғарыдан орын алып, топтан шығуға барын салады. Алдағы кездесулерден Қазақстан ұлттық құрамасының деңгейін, шама-шарқын аңғаратын бола­мыз.  

А.ЖАСАНҰЛЫ