Ғалымдар коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Ғалымдар коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Сингапур ғалымдары ерекше маска ойлап тапты. Бұл маска коронавирус белгілерін анықтай алады, – деп хабарлайды Straits Times. Маскаға орнатылған сенсорлар жүрек соғысы, дене температурасы, қан қысымы және оттегі деңгейі сияқты көрсеткіштерді анықтайды. Ғалымдардың айтуынша, сенсорлар осы көрсеткіштерді пайдаланып, коронавирусқа қатысты мәліметті қорытады.

Сонымен арнайы маска әр жарты сағат сайын адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жіберіп отырады

Бұл масканы жууға және қайта пайдалануға болады. Ғалымдар қыркүйектің соңына қарай жүйенің клиникалық сынақтарын өткізуді жоспарлауда.