Кір сабын бизнесін қолға алған әйел күніне 350 мың теңге табуға болатынын айтты
Кір сабын бизнесін қолға алған әйел күніне 350 мың теңге табуға болатынын айтты
1,119
оқылды
Үй шаруасында көп қолданылатын әрі бағасы да төмен дүниенің бірі – кір сабын. Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева бүгінде жерлестерін сабынмен қамтамасыз етіп отыр. Қалай дейсіз ғой? Ол 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант жеңіп алып, жеке бизнесін ашуға кіріседі. Эльмира Жалтееваның бұл бастамасы сәтті жүзеге асты. Өз атымен ашылған жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне 1 тонна кір сабын жасап шығарады. Тәулігіне 5 000, сұраныс артқан кезде 10 000 данаға дейін кір сабын шығаратын бизнесінен күніне 350 мың теңге табыс табуға болады екен. Әр сабынның бағасы – 70-80 теңге. кір сабын

Қазір отбасылық кәсіппен екі адам ғана айналысады, шығыны да аз. Өйткені кір сабын жасау үшін тоң май мен сода ғана керек. Негізгі тұтынушылары Жетісай ауданы тұрғындары. Кәсіп иесі сұраныс артып жатса, өнімін өзге облыстарға да жібермек. Осылайша цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ ниетте.

кір сабын Zakon.kz 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілгенін жазады.  width=  Фото: zakon.kz