Иммунолог дәрігер Владислав Жемчугов қандай ауруы бар адамдарға коронавирусқа қарсы екпені салдыруға болмайтынын айтты, - деп жазады «Вечерняя Москва». Коронавирусқа қарсы екпені иммундық-депрессиялық дәрі-дәрмек қабылдайтын пациенттерге, мысалы онкологиялық ауруары бар адамдарға салуға болмайды. Бұдан басқа вакцинаны қабынуы, аутоиммундық аурулары, қызыл жегісі және қанның жүйелі аурулары бар адамдарға салуға болмайды. Айта кетейік, әлемде Ресей бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Тамызда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі отандық коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өткенін хабарлады. 29 тамызда ол клиникалық сынаққа жіберілді.