«ҚазАгро» 1 мыңнан артық қызметкерін қысқартып, 3 млрд теңге үнемдейді
«ҚазАгро» 1 мыңнан артық қызметкерін қысқартып, 3 млрд теңге үнемдейді
280
оқылды
«ҚазАгро» холдингі 1100 адамды қысқартады, бұл компанияның 3,2 миллиард теңге үнемдеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. 


«ҚазАгроның қарызы бар екені жасырын емес. Ауыл шаруашылығын қолдауға кететін қаражат холдингтің қарызын жабуға бағытталмай. Бұл ақша еншілес компанияларға кетеді. Сол жерден тауар өндірушілер несие алады»,– деді министр.

С.Омаров қазір холдинг президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сенаторлардың сынынан кейін дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асырып жатқанын еске салды.

«Бүгін біз «ҚазАгроның» қарыздарын жабу үшін жүйені қайта құрып жатырмыз. Егер бұрын оның жеті еншілес кәсіпорны болса, алдағы уақытта үшеуін жабамыз.Кейбірін біріктіреміз»,– деп толықтырды ведомство басшысы.

Сонымен қатар, бір терезе жүйесін құру арқылы холдингтің әр аймақтағы филиалдарының өкілдіктері біріктіріледі.

«Реформаның нәтижесінде холдингтің 1100 қызметкерін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Осы арқылы 3,2 миллиард теңге үнемдеуге болады»,– деді министр.

Еске сала кетейік, «ҚазАгроның» шығыны 2017 жылы 126 млрд теңгені, ал 2018 жылы 118 млрд теңгені құраған.