Депутаттар министрдің кандидатурасымен келісті
Депутаттар министрдің кандидатурасымен келісті
195
оқылды
Жуырда ғана Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес, Юрий Ильиннің кандидатурасы Мәжілістің бейінді комитетіне ұсынылды. Ағымдағы сессияда Мәжілісте енгізілген министр­лерді келісудің жаңа нысанына сәйкес, Юрий Ильин депутаттардың сұрақтарына жауап беріп,  өзінің жұмысын ұйымдастыру туралы ой-пікірін жеткізді. Атап айтқанда, депутаттар «Казавиаспас» қызметі, төтенше жағдайлар туралы ескертудің дәйектілігін арттыру, белсенді шараларды әзірлеу, өндірістік, мұнай, жарылу қаупі жоғары кәсіпорындарда өрт қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін көтерді. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттары Палатаның қарауында жатқан заң жобалары бойынша депутаттық корпуспен жедел өзара жұмыс істеудің қажеттілігіне назар аудар­ды. Комитет отырысының нәтижесі бойынша тиісті қорытынды қабылданды. Құжатта Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Юрий Ильин кандидатурасын қарай отырып, оны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындауға ұсынуға болады деп санайды.