Инфекция жұқтырғандар миллионға жетеді
Инфекция жұқтырғандар миллионға жетеді
5,172
оқылды
Оның айтуынша, біздің климаттық белдеуде күз-қыс айларының келуіне байланысты өткір жұқпалы аурулар өршиді. Салдарынан жыл сайын Қазақстанда 500 мыңнан 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тіркеледі. «Осы аурулардың 64 пайызынан жоғарысын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, бұл әрбір ауырған үш адамның екеуі бала дегенді білдіреді. Жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы негізі қазан айында басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Биылғы эпидемиологиялық маусымға алаңдауымыздың себебі коронавирусқа байланысты», – деді Ж.Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Ол Қазақстанда тұмаудың үш штамы (Н1N1, Н3N2 және В) таралғанын, мұның өткен қыста белгілі бол­ғанын жеткізді. Олар зертханаларда тексеріліп, нақ­тыланыпты. Сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны уақытында алуға кеңес берді. Себебі бұл ауруларға қарсы антидене пайда болуына кемінде екі-үш апта уақыт керек екен. Әдетте тұмауға қарсы вакцина егу 1 қазанда басталатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты биыл науқан екі апта бұрын – 15 қыркүйектен басталмақ. Алматы, Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалаларында вакцина егу 10 қыркүйекте басталып кетті. Ол үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 5 мыңнан астам пункт ұйымдастырылды. Коронавирус инфекциясы мен ЖРВИ маусымына дайындық аясында «СҚ-Фармация» «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алыпты. Бұл вак­цинада Н1N1, Н3N2 және В тұмау штамдарының антигендері бар. Бұл вакцина халықтың 10 проценттен астамын қамтуға мүмкіндік береді.  

Тұмар МЫРЗА