Жоспардағы он мәселе шешіледі
Жоспардағы он мәселе шешіледі
262
оқылды
  Бірінші.Қолжетімді тұрғын үймен қам­тамасыз ету: – 47 мың кезекте тұрғандар бас­паналы болады; – 20 апатты және ескі үйден 300 отбасы жаңа баспанаға көшеді; – 125 тұрғын үй кешені мен 150 лифт жөнделуде. Екінші. Үлестік құрылыс: – 42 проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 13 мың үлескері жаңа пәтерге ие болады. Үшінші. Әлеуметтік сала: – инвестиция тарту мен МЖӘ арқылы 50 мектеп іске қосылады; – педагогтердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жыл сайын 1 100 грант берілетін болады; – «Үйдегі дәрігер» жобасы бо­йынша 30 отбасылық денсаулық орталығы іске қосылады; – қажетті инфекциялық стацио­нарлар 100%- ға қамтамасыз етіледі; – жұқпалы және көпбейінді ауруханалардың, перзентха­на­лар­дың, ересектер мен балаларға ар­налған екі оңалту орталығының, сон­дай-ақ медицина қызмет­кер­леріне арналған шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Төртінші. Қала маңын, қоғамдық кеңіс­тікті және аулаларды дамыту: – елорда «шетсіз қала» болады. 16 тұрғын алабында әлеуметтік ны­сандар, жолдар, сумен жабдықтау желілері салу жоспарланған; – елордада 50 жаңа саябақ пен гүлзар пайда болады; – велосипедшілер үшін 123 ша­қырым жол салынады; – 100 спорт алаңын орнатумен 500 аула абаттандырылады. Бесінші. Газдандыру: – 20 мың жеке үй табиғи газбен қамтылады; – халықтың аз қамтылған топ­тары үшін дотацияларды қамтамасыз ете отырып, газға көшу жоспарланған; – табиғи газға көшу зиянды зат­тар­дың шығарылуын 70%-ға қыс­қартады. Алтыншы. Жолдар мен қоғамдық көлік: –  желідегі автобустар 300 бірлікке артады; – халықтың әлеуметтік осал топтарынан 100 мың адамға тегін жол жүру жеңілдігі сақталады; – жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөнделеді, оның ішінде тұрғын үй массивтері де қамтылған. Жетінші. Нөсерлік кәріз және тазарту құрылыстары: – нөсерлік кәріз желілері мен құрылыстарын, сондай-ақ тазарту құрылыстарын салу жүргізілуде және жоспарлануда; – партия су басудың 34 проб­лемалық орнын бақылауда ұстайды. Сегізінші. Экология: – бір тұрғынға шаққанда жасыл желектердің ауданы 20 шаршы метрге дейін ұлғаяды; – рұқсат етілмеген қоқыс үйін­ділерімен күрес күшейе түседі; – Есіл өзені бассейнінің эколо­гиялық жағдайы сақталады. Тоғызыншы. Қоғамдық қауіп­сіздік: – жергілікті полиция институты одан әрі дамитын болады; – барлық әлеуметтік нысандар бейнебақылауға қосылады. Оныншы. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту: – 5 жылда 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады; – «Бизнестің жол картасы–2025» және «Қарапайым заттар эконо­микасы» бағдарламалары бойынша 90 миллиард теңгеге 700 жобаға қолдау көрсетіледі; – «Еңбек» бағдарламасы бойынша ісін жаңа бастаған кәсіп­керлерге 200 грант беріледі; – 3 000 азамат кәсіпкерлік не­гіздеріне оқытылады; – елорда тұрғындарын қолжетімді бағамен (тұрақтандыру қоры, сауда желілеріне жеңілдетілген несиелер және т.б.) бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету бо­йынша шаралар іске асырылатын болады. Жастарға айтарлықтай көп көңіл бөлінеді. «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына жыл сайын қаражат бөлінеді деп жос­парлануда. Ата-ана қамқорлы­ғын­сыз қалған 1 800 жас интернаттық ұйымдардан кейін толық сүйе­мелдеуге ие болады. Жастар спорт нысандарына барғанда 50 про­центке дейін жеңілдік алады. Жыл сайын ТжКБ мен ЖОО-да 3 500 грант бөлінеді.