Партиялар алдағы сайлауға дайын ба?
Партиялар алдағы сайлауға дайын ба?
200
оқылды
Осыдан төрт жыл бұрын өткен сайлауға 6 бірдей партия қатысқан еді. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізіммен өткен сайлау нәтижесін іле-шала жариялады. Оның нәтижесінде Парламентке 3 партия кірген еді. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясына 6 млн ас­­там адам, яғни 82,2 процент дауыс берілсе, «Ақ жол» демок­ра­­тиялық партиясына – 540 мың­нан астам адам, яғни 7,18 процент дауыс, Қазақстанның Ком­мунистік халықтық партиясына – 537 мың­нан астам адам, яғни 7,14 про­цент дауыс берілген еді. Ал «Ауыл» партиясы – 2,01, «Бірлік» партиясы –   0,29 процент, ЖСДП 1,18 про­цент дауыс жинаған. «Сайлау туралы» заңға сәйкес, Парламент Мәжі­лісінде «Nur Otan» партия­­сына – 84, «Ақ жол» мен Ком­мунистік партияның әрқайсысына 7 депу­таттық ман­­даттан берілген еді. Президент Қасым-Жомарт То­қаев әр Жолдауында елімізде көп­партиялы жүйе қалыптастыру қа­жетін айтады. Сарапшылардың пайымынша, елімізде қызмет ете­тін көптеген партия тек сайлау ке­­­зінде белсенділік танытып, сай­лау науқа­нынан кейін қоғам наза­рынан тасада қалатынын сын те­зі­не алады. Ра­сында да, неге көп­теген партия тек президенттік және парламенттік сайлаулар ке­зінде белсенді? Неге қоғамдық мә­селе­лер ұдайы көте­ріліп, халық­пен тұрақты кері бай­ланыс орна­тыл­маған? Неге партия­лық бағ­дар­ламалар жүйелі жұмыс істе­мейді? Біз алдағы сайлауға пар­тия­лардың дайындығы мен белсен­ділік дең­гейін білу үшін басшы­­­­ларға ха­барласқан едік. «Ақ жол» пар­тиясының тө­рағасы, Мәжіліс депу­таты Азат Пе­руашев партия­­ның дайындығы ту­ралы сұрағы­­мызға «Дайындалып жатыр­мыз. Оны кезінде айтамыз» деп қысқа қайыр­ды. Ал Мәжіліс пен мәс­лихаттан орын алуға үмітті «Ауыл» ХДП мен Қазақстан ком­мунистік халықтық партиясы басшылары толыққанды жауап берді.   BektaevӘли БЕКТАЕВ,  сенатор, «Ауыл» халықтық-демократиялық–  патриоттық партиясының төрағасы:

Партиямыздың танымалдылығы артып жатыр

– Біз үлкен праймериз өткі­зуді жоспарлап отырған жоқпыз. Болашақта өтетін Парламент пен жергілікті мәслихаттар сай­лауы­на қатысамыз деген жоспа­рымыз бар, әрине. Партия­мыздың өз мүм­­кін­дік-потен­циалы мен ха­лық ара­­сында та­­ны­­мал­ды­­­лығы жоға­ры. «Ауыл» партиясының құра­мын­­­да заң шығарушы ор­ганда жұмыс істей ала­ды дейтін­дей кан­­­дидат­­тары­мыз да бар. Біз партия­­­іші­­лік таң­­­­­­дау­ларымызды жүргізіп жатыр­мыз. Оны саяси кеңес­тер­­мен қа­­тар, сол саяси кеңес­­­­тер­дің пре­­зи­­диум­дары, бастауыш пар­­­тия ұйым­дары өздері жүргізеді. Қа­зірдің өзінде 600-ден астам канди­датымыз бар. Бола­шақ­та партияға кіретін кандидаттар ті­­зі­­­мі жасақ­талып отыр. Біздің об­лыстық, өңірлік филиал­дары­­мыз әлі де таң­дау жасап жатыр. Сөйтіп, нақты пар­тиялық тізімді біз сайлау бас­тал­ған кезде шы­­ғара­­мыз деп отыр­мыз. Әлі сай­лауға дейін біраз уа­қыт бар. Со­­­ның алдында біз сайлауалды бағдарла­мамызға қа­­тысты мәсе­ле­лермен қатар, бола­­шақта пар­­­тиялық тізім­ге қатысты баста­маларды ішкі тәр­тіппен өткі­­зіп келеміз. «Ауыл» партиясының құра­мын­­­да 298 мыңдай мүше бар. Мы­­салы, біздің партиямыздың елдің алдын­дағы танымал­­дылы­ғының артқаны­ның бірден-бір көрсет­кіші – соңғы 4 жылдың көлемінде 47 мың­нан астам адам біздің партия­мыздың мүше­лігіне өтті. Яғни, бұл біздің партия­мызға деген қызығу­шылық бар, қоғам­дық жұмысқа араласамыз деген азаматтардың саны кө­бейіп жатыр деген сөз. Таяуда «Сайлау туралы» заңға квота бөлу мәселесі енді. Қай партия бол­са да, бұл та­лап­тарды орын­дауы керек. Сон­дықтан біз де заң шеңберінде жұмыс істейміз. Алдағы сай­лауал­ды бағ­дар­ла­­­­ма­­­сында да, сайлау­дан кейін де негі­­зінен жас­тарға үміт артаты­ны­мыз анық. Оның ішінде әйел­дер де біздің қата­рымызда бола­ды деп жоспар­лап отырмыз.   AxmetbekovЖамбыл АХМЕТБЕКОВ,   Мәжіліс депутаты, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы–  орталық коми­теті хатшысы:  

Жастарға басымдық беріледі

– Біздің партия Мәжіліс пен мәслихат сайлауына толық дайын деп айта аламыз. Қазір оның жү­зеге асырылуына байланысты кей­бір мәселелер пысықталып жатыр. Біздің партия құрылған 2004 жылдан бастап бірде-бір парламенттік немесе прези­денттік сайлауды бос жіберген жоқпыз. Партия мүшелерінің 32 проценті – кілең жастар. Соның ішінде об­лыстық, аудандық партия ко­ми­теттеріне соңғы жылдары жаңа мамандар келіп қосылды. Жас­тардың ішінде белсенді қыз-жігіттер көп, өз жұ­мысына құл­шына кірісіп кетті. Орталық ко­ми­тетте жасы 40-тан асқан қыз­меткер жоқ, көбі 30-35 жас ара­лығында. Қазір біз де өз қаражатымызды алдағы сайлауға жиыстырып, қанша жұмсайтынымызды ай­қын­дап жатырмыз. Қазақ­станда Парламент Мәжілісі мен жергі­лікті мәслихатқа депутат сайлау партиялық тізім бойынша өтетін болғандықтан, кейбір қиындық­тар туындады. Бірақ біз оларды еңсердік дей аламын. Партия мүшелеріне келсек, 105 мыңға тарта мүшеміз бар. 177 аудандық партия комитеті, 2 900-дей алғашқы партия ұйымдары бар. Бүкіл 14 облыс пен 3 рес­публикалық маңызы бар қалада партия ұйымы белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз үшін қиын жа­ғы – мәслихаттарға белсен­ді­лерді таң­дау. Мен Орта­лық ко­ми­теттің хатшысы ретінде ал­да­ғы сайлау нау­қанына толық дайын­быз деп сеніммен айта аламын.       

Кәмшат ТАСБОЛАТ