Атыраулықтар партияға үміт артады
Атыраулықтар партияға үміт артады
214
оқылды
2020 жыл еліміз үшін үлкен сынақ жыл болды. Коронавирус пан­­демиясы біздің өмірімізді, ба­сымдықтарды өзгертті, бұл көп­теген мәселеге басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы еке­­нін түсіндік. Бүгінде қазақстандықтар пар­тия­дан нақты мәселелерді ше­шуді және бастамаларды іл­ге­рі­летуді күтеді. Ол үшін пар­тия  жү­йелі партиялық қайта жаң­ғыр­туды және партия ішіндегі ашық сайлау – праймериз өт­кізуді ұсынған. Соған сәйкес, «Nur Otan» партиясының  облыс­тық филиалдары өздерінің сай­лауалды бағдарламаларын жа­риялаған болатын. «Nur Otan» пар­тия­сы­ның атыраулық филиалы да  сай­лауалды бағдарламасы мен даму жобасын жасақтады. «Nur Otan» партиясының Аты­рау облыстық филиалы төра­ғасының  бірінші орынбасары Н.Ожаевтың пікірінше, аймақтағы негізгі шешімін күттірмейтін  мә­се­лелер қатарында: мұнай сер­вистік компанияларда жұмыс көлемі азаюына байланысты жұ­мыссыздық деңгейінің көтерілу қаупі; өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ана мен бала өлімінің өсуі; аймақ экологиясының ха­лық­тың денсаулық жағдайына теріс әсер етуі; облыс бойынша тозығы жеткен және апаттық жағ­дайда көпқабатты үйлер санының өсуі; үш ауысымда оқытатын мек­­тептің болуы, мұғалімдер мен дәрігерлердің  тапшылығы тұр. Аймақтағы осы өзекті проб­лемаларды шешу жолдары мен механизмдері «Nur Otan» пар­тиясы Атырау филиалының сай­лауалды бағдарламасында анық көрсетілген. Бағдарлама не­гізінен тұрғындарды толған­дыратын  мә­селелерді шешуге бағытталып отыр. Атырау облысын дамытудың басым бағытының негізінде –экономикалық тұрақты аймақ құру, экологиялық мәселелерді шешу, жастар мәселесі, ашық және есеп беретін жергілікті ат­­­­­қарушы органдар мәселесі және қауіпсіздік мәселелері тұ­жырымдалған. Бүгінде облыстың экономикалық тұрақтылығы өн­діріс, ауылшаруашылық, құрылыс және сауда саласын дамыту ар­қылы жүзеге асырылуда. «Nur Otan» партиясы атырау­лық филиалының жұмысы  әр атыраулықтың өзіне және өз от­басына лайықты өмір сүру дең­­гей­ін қамтамасыз етуі үшін тұ­­рақты жұмыс орындарының са­­­­нын ұлғайтуға ықпал етіп отыр. Сонымен бірге сайлауалды бағ­дар­ламада Атырау ауыл тұр­ғын­дарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге де басты назар ау­дарылған. Ал өлкедегі шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервінің бірі саналады. Мәселен, 2019 жыл­дың қорытындысы бо­йын­ша, облыста кәсіпкерлік көр­сеткіштерінің оң динамикасы бай­қалды. Облыстың жалпы өң­ірлік өніміне шағын және орта бизнестің  үлесі артуда. Алайда Атырауда COVID-19 індетінің таралуы және оның салдары биз­нестің эко­­номикалық белсен­ділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қо­­нақүй бизнесі, қоғамдық та­мақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті, олар өңір эко­номикасының 22,4 пайызын құрайды.Төтенше жағдай кезінде облыс аумағында 23 мыңға жуық адамы бар 11 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатты. Сондықтан да «Nur Otan»  партиясының атыр­ау­­лық филиалының сай­лауалды бағдарламасында об­лыстағы не­ғұрлым зардап шек­кен бизнес субъектілерінің қыз­­метін қалпына келтіріп қана қоймай, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп мемлекеттік қолдау және ынтымақтастықтың өзге де тетіктерін пайдалану ар­қылы кәсіпкерліктің жаңа ны­сандарын құру үшін жағдай жа­сайтыны айтылған. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы  азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды, әркімнің таза суға, ауа мен сапалы жолдарға қол­жетімді болуын қолдап отыр.  Об­лыс халқының қолайлы өмір сүру деңгейін жақсарту үшін пар­­тия ауызсу, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы ин­фра­­құрылымын жақсартуды қол­­­ға алады. Бағдарлама білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол­жетімділікті қамтамасыз ету арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салуды өзінің басты басым­дылықтары ретінде белгілеп отыр. Сондай-ақ өңірде ерекше қа­жет­тілігі бар адамдар үшін кедер­гісіз орта құруға ерекше назар ау­да­рыл­ған. Партия алдағы 5 жылда облыс тұрғындарының денсаулығын ны­ғайтуға, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуға бар­лық жағдай жасайтынын мә­лім­деді. Сайып келгенде, «Nur Ot­an» партиясы партияішілік прай­меризді жария ете отырып, қа­зақстандықтарды барлық сын­дарлы және саналы қоғамдық күштерді топтастыруға жаңа қа­дам жасады.  

Сайпулла САПАНОВ, Х.Табылдиев атындағы Атырау өңірінің тарихы, археологиясы және этнографиясы   ғылыми-зерттеу орталығының директоры