Иппотерапия орталығы ашылды
Иппотерапия орталығы ашылды
340
оқылды
Мұндағы басты мақсат – иппотерапия арқылы ерекше күтімді қажет ететін балалардың психофизиологиялық белсенділігін дамыту. Екі жыл барысында аталған орталықта 80 балаға иппотерапия бойынша апробациялық қызметтер көрсетілді. Соның арқасында мүгедектігі бар балалардың вестибулярлық және тірек-қимыл ап­паратының, барлық бұлшықеттің жұмыс істеуі жақсарып, вегетативті жүйке жүйесіне оң әсерін тигізді. Жалпы, «Nur Otan» партиясы 2013 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын іске асырып келеді. Жоба мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болмақ. Соның аясында пандустардың сәйкестілігі, ғимарат, нысандардың мүгедектерге қолайлылығы, іс-шаралар арқылы қоғамдық-саяси шараларға тарту жұмыстары, заң нормативтік құжаттары арқылы қажетті заңдарға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу секілді түрлі бағытта жұмыс істеп келеді.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы