Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
" Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы жабылғаннан кейін, Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен екі бағытта Қарқаралы айналма бағытындағы автобус жолақтарындағы қозғалыс бекітіледі. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысында жөндеу жұмыстары кезеңінде жоғарыда аталған учаскеде қоғамдық көліктің белгіленген жолақтарында автомобиль қозғалысының мүмкіндігі туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен бастап Керей Жәнібек хандары, сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін максимал жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін азайтылды. Мұнда жылдамдықты бұзғандарды "Сергек" жүйесі тіркейді.
Бұл өзгертулер жұмыс аяқталғанға дейін және Тұран даңғылында қозғалыс ашылғанға дейін уақытша күшінде болады.