Polisia.kz мәлімдеуінше, бозбаланың мәйіті 11 қыркүйекте табылған.
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғыны үш шақырым жердегі көлге балық аулауға барған. Ол көл жағасында жатқан жас жігіттің жансыз денесін тап түсіп, 102-ге хабар берген.Жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовтікі екенін анықтады. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. [caption id="attachment_71901" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Равиль Абумуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Баланың туыстары полицияға жүгініп, уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде іздеу жұмыстарын жүргізген.