Зейнеткер шыбын өлтіремін деп, баспанасыз қалды
Зейнеткер шыбын өлтіремін деп, баспанасыз қалды
©Сурет интернеттен алынды
404
оқылды
Оқиға өткен жұма күні болған. 80 жастағы зейнеткер – Францияның оңтүстік-батысында орналасқан Паркуль-Шено ауылының тұрғыны.
Қария ас үйге кіріп, түскі тамағын дайындамақшы болған. Бөлмеге кіргеннен шыбынның ызыңы басылмаған. Тамағын істеп болған қарт мазасын алып жіберген шыбынның көзін құртуға бел байлайды. Содан тоқпен істейтін шыбын өлтіргішті қосқаны сол, құрал жарқ-жұрқ етіп от шаша жөнеледі. Газдың толыққанды өшірмегендіктен үй лап етіп жарылып, төбесі опырылып түседі.
Ал зейнеткер бірден ауруханаға жеткізіледі. Қарияның көрер жарығы бар екен. Аман қалған қарт тек жеңіл-желпі жарақат алған. Үй тұруға жарамсыз, сондықтан зейнеткер баспанасыз қалды. Алайда жергілікті әкімшілік оның жағдайын түсіп, оны уақытша баспанамен қамтамассыз етті.