Индонезияда маска кимегендерді тірідей табытқа жатқызып, катафалкаға салып, зиратқа алып барады екен.
Осындай жазаның қолдануды волонтерлар ойлап тауыпты. Бұл жайында жергілікті басылым Jakarta Post жариялады.
Бұл тәртіп негізінен Шығыс Явасына қарайтын Проболинго қаласында қатты сақталуда. Тіпті, жақында жергілікті базарды тексеру барысында 50 шақты саудагердің бетпердесі болмай шыққан. Оларға маска беріліп, лекция оқытылды. Содан кейін саудагерлерді табытқа жатқызып, катафалкамен мәйіт басына апарған. Осы жазаны қолданып жатқанда өзгелердің суретке түсіруіне де рұқсат берілген екен.
Оған қоса, кейбірі үш ай бойы базар мен канализация торабын тазалаумен жазасын өтеген.