Инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
409
оқылды

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты.

Бұл бастаманы партияның қолдауымен «Болашақ» кор­пора­­тивті қоры жүзеге асырып келеді. Басты мақсат – аутизм және басқа да ментальді ауытқу­шылықтарға шалдыққан бала­лардың үйден емес, бала­бақша, мектеп сияқты білім ошақ­тарында оқуына және құрбы-құрдастарымен қатар жүріп, ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

«Әр бала мектепке ба­ру­ға ла­йық» жобасы аясын­да 2015 жылдан бері елімізде 36 осындай кабинет ашылып, жұмыс істеп тұр. Жақын уақытта Nur Otan партиясының қолдауымен «Бо­лашақ» қоры бірнеше қалада тағы 7 кабинет ашпақ.

«Болашақ» КҚ Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова дегенмен бұл бас­тама барлық өңірде бірдей қол­дау тауып отырмағанын айтты. Мәселен, Ақтөбе қаласында екі кабинет ашу үшін қор барлық керек-жарақты сатып алып, дайындап қойған. Алайда әлі күнге дейін мектептер қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізбей, әлеуметтік педагог, психолог және дефектолог мамандарын бөлмей отыр. Бауыржан Байбек бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтып, партия тара­пынан қолдау болатынын жет­кізді.

– Қазіргі таңда елімізде білім беруде ерекше қажеттікті талап ететін 150 мыңнан астам бала бар. Олардың әрқайсысын әлеуметтік ортаға бейімдеп, қо­ғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу – біздің ор­тақ міндетіміз. Елбасы, пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында мәслихаттардағы Nur Otan фракциясы арқылы ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалармен жұмыс істей­тін тәрбиешілерге қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етуді ұсындым, – деп Бауыржан Байбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Сонымен қатар ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында инклюзивті қоғам құру мәселесіне үлкен көңіл бө­лінгенін және партияның 2013 жылы қабылданған док­три­на­сында адамның қадір-қасиеті мен құқы, амандығы мен саулығы сияқты маңызды мәселелерге ерекше мән беріл­генін атап өтті. Сондай-ақ пар­тия Төрағасының Бірінші орын­басары бастапқы кезде бұл салада түрлі мәселелер болса, қазір қоғамның да көз­қа­расы өзгеріп, бір-біріне қолдау көр­сетуге, қол ұшын созуға да­йын жандардың көбейгеніне назар аударды.

– Қазіргі таңда мемлекет тарапынан барлық жағдай жаса­лып, тиісті заңдарға ондаған өз­гертулер енгізілді. Нәтижесінде, заңнама базасын, қолжетімді орта және жүйелі қолдау көрсету ісін қалыптастыру қолға алынды. Ең бастысы, ерте әрекет етіп, дер кезінде жағдай жасауымыз керек. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар партияның жіті назарында болады, – деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде балалары осын­дай орталықтарда білім ала­­тын ата-аналар мемлекет тара­­пы­нан жасалған жағдайға риза­шы­лықтарын білдірді. Олар жал­пы білім беретін мектептердің қол­жетім­сіз болуына байланысты бұрын ба­ла­ларының үйден оқы­ғанын айтып, арнайы кабинеттер ашылған кезде айрықша қуан­ғандарын жеткізді.

Айта кетейік, инклюзияны қолдау кабинеттерінің басты ерекшілігі әр оқушыға қажетті­лігіне қарай жеке бағдарлама дайындалып, арнайы мамандар тарапынан әдістемелік қол­дау көрсетіледі. Мұндай каби­нет­тердің жұмысы тәртіп­тің қол­данбалы талдауы (Applied behavioral analysis) бойын­ша қазақстандық және амери­кан­дық мамандардың басшы­лығымен жүргізіледі. Биылдан бастап инклюзияны қолдау кабинеттерін балабақшалардан да ашу ісі қолға алынып отыр. Ондай орталықтар әзірге Нұр-Сұлтан қаласындағы №34 және №89 балабақшаларда ашылады.

 

Ерке ЕРҚОҢЫР