Қостанай облысында жоғалған 14 жастағы оқушы табылды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер қызды өзі тұратын Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты.Қазір 14 жастағы оқушының жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды. Полиция басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ. Еске салсақ, 14 жастағы Анна Карпенко 9 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Полиция қызметкерлерімен бірге жасөспірімді іздеуге еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.